Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада әйелі күйеуіне тоқал сыйлаған,-деп хабарлайды Newsroom.kz
10 жыл отасқан ерлі-зайыптының бұл әрекеті бүкіл әлемге таралды. Видеода ер адам өзіне жасалған сыйлыққа сенбей, қатты таңданады. Қораптан шыққан жас қыздың қалай келіскенін, ата-анасы бар-жоғын сұрап жатыр. Ал әйелі күйеуінің қолдауына алғыс ретінде сыйлағанын айтады. Дәл осындай оқиға күні кеше Қайрат, туған күніңмен. Саған көптен бері өзің армандаған сыйлықты тарту еткім келеді. Қарсы ал, - дейді әйел.
Бір кезде хиджаб киген қыз «Сұлтановтар әулетіне +1 тоқал сүйікті бәйбішісінен», - деп жазылған тортпен кіріп келеді.
Желіде таралған бұл видеолар қоғамдық резонанс тудырды. Сондай-ақ, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы көп әйел алу үшін заңнамаға әкімшілік жаза енгізуге немесе бұл құбылысқа толық тыйым салуға шақырды.
Көрші Өзбекстанда өткен тамызда көп әйел алуды насихаттағаны үшін екінші әйелін туған күніне жұбайына сыйға тартқан блогер айыпталды.