Әдетте, тоқал – үстемдіктің, байлық пен биліктің белгісі ретінде қабылданады. Бұған ықпалды адамдардың оқиғасы дәлел бола алады.
Мәселен, Болат Назарбаевтың тоқалдарының бірі Динара Әлжан байлыққа қол жеткізу үшін кейбір әйелдердің жас қыздарын Болат Назарбаевтың алдына ертіп әкелетінін айтқан болатын. Ол қайтыс болған кезде, 15-ке жуық ұл-мен қызы мұрагерлік үлесіне өтініш білдірді.
Kursiv.media мәліметінше, көп әйел алғанын алғаш рет ашық айтқан Бекболат Тілеухан болатын. Ол үш некеден 14 баласы бар екенін жасырмады.
Айта кетелік, соңғы уақытта ел ішінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жас тоқалы бар деген сыбыс тарады.
Тоқал алудың шарттары қандай?
Қазақстанда тоқал алу – ежелден бар дәстүр. Кеңес дәуірінде бұған тыйым салынды. Тәуелсіздік алған соң, діни сана мен салт-дәстүрлер қайта орала бастады. Сондықтан дін ұстанатын ауқатты адамдардыңарасында да бірнеше әйел алушылар жиі кездеседі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пікірінше, неке қию үшін қыздың әкесінің рұқсаты керек. Онсыз бұл мауқуф деп аталады. Ата-ананың батасынсыз, толыққанды ерлі-зайыпты деп есептелінбейді. Ислам ілімінде үйленгенін жасырған адамның некесі де жарамсыз болуы мүмкін.
Әрине, шариғат бойынша көп әйел алуға болады. Бірақ оның шарттары да бар. Соның бірі – әйелдерін бөліп жармай, әділ әрі тең қарау. Ол қолынан келмесе, бір әйелмен шектелген абзал.