Қарағандыда "Жедел жәрдем" жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген тұрғын анықталды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамның видеосы тарады. Әуелі ол жүргізушіге көлікті шетке қоймадың деп айтып, кейін оған қол көтерген.
Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.