Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Депутаттың үйреткен декреттік курсы халал ма? Имам жауап беріпті

Мемлекетті алдау халықты алдау болып есептелінеді.

Депутаттың үйреткен декреттік курсы халал ма? Имам жауап беріпті
Коллаж: Newsroom.kz

Кейінгі кездері жүктілігін білген сәттен бастап декреттік төлемді көп алу үшін өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, ай сайын ақша төлеп отырған аналар көбейді. Дінде бұл қаншалықты дұрыс? Осы сұраққа имам Нұрлан Байжігітұлы жауап берді, - деп хабарлайды Newsroom.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Имамның айтуынша, өзін жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, декреттік төлем алу - адал емес. Бұл "Халал даму" стандарттау және сертификаттау мекемесінің Желідегі парақшасында жарияланды.

"Мемлекетті алдау халықты алдау болып есептелінеді. Өзгелер алдаса, алдай берсін. Басқалар адасса да, сен адаспа. Мұнда мемлекет деген президент емес, ол халық, сіз бен біз. Жалған жеке кәсіпкерлік арқылы декреттік төлем алу елді алдаумен тең болады. Алдап, арбап алған дүние сіздің абыройыңыз бен қажеттіліктеріңізді жаба алмайды. Мемлекет берген адал ақшаны алыңыз, оған таласым жоқ, ол өкіметтің сізге және балаңызға деп берген жәрдемі, бірақ оны алдап алғаннан береке таппайсыздар. Мемлекет менікі және сіздікі, сондықтан алдаудың керегі жоқ. Ал алдағандар өз істеріне әлі жауап береді", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Айта кетейік, АҚШ президенті Байден Нұрлан имамды асқа шақырған болатын.

 "Әрбір жылы АҚШ президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлекет басшыларына жылда ас береді. Бұл қайырымдылық ас болып саналады.

Сондықтан біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президент істеп жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сондай- ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз деп баяандады.