Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс

25 рет полициядан көмек сұраған: Астаналық әйелді экс-күйеуі соққыға жығып жүр

Бұрынғы күйеуінен әйелі қорлық көріп келеді

25 рет полициядан көмек сұраған: Астаналық әйелді экс-күйеуі соққыға жығып жүр
скрин: КТК

Тараздық әйелді бұрынғы күйеуі таяқтың астына алып, ұрып-соғып жүрген көрінеді. Ал, полиция департаменті бір емес, бақандай 25 рет хаттама жазылса да, "қылмыс құрамы жоқ" деген сылтаумен жауапқа тартпай отыр екен,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Қос жақ сүйегі сынып, әбден зәрезап болған астаналық келіншектің айтуынша, бұрынғы күйеуі күндіз терезесіне тас лақтырса, түнде оқ атудан тайынбайтын көрінеді.

Жеті жасар қызы Тоғжанның айтуынша, әкесі ішіп келеді, үйдің астан-кестеңін шығарып анасын сабайды. Одан қалса сіңлісі екеуінің шашынан жұлып, тепкінің астына алады. Үйіндегі «ұртоқпақтан» құтыламын деп ажырасып кеткеніне алты жыл болса да, Таңшолпан күйеуінің өктемдігін әлі күнге дейін көріп келеді. Тіпті мекенін ауыстырып жағдайымыз оңалар деп, Тараздан Астанаға қоныс аударған.

"Үйімнен, жұмысымнан шыға алмай қалдым. Мұрнымды сындырғанына байланысты қылмыстық іс көтеріліп, кейін тоқтап қалды. Учаскелік полицей «ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрған жоқпыз» дейді. «Өткенде мұрнымды сындырды ғой» десем, ол өтіп кетті ғой",- дейді Таңшолпан Керімова.

Абақтыдан шыққан соң бұрынғы күйеуінің ашуы тіпті үдей түскен. Не жұмысына, не далаға шыға алмай қалған келіншек қазір екі қызымен елордадағы дағдарыс орталықтарының біріне жайғастырылған.