Жер сілкінісі: Алматыда такси бағасы аспандапты

Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрауда.

Фото: ашық дереккөзі

Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны екі есе көтеріп жіберген,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көліктер кептелді.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы оқиғаны пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр екен", - деп оқырмандар жазба жариялауда. 

Жүргізушілер қала сыртына жеткізу үшін бағаны аспандатып жіберген. Себебі, Ұзынағашқа әдетте 2000 теңгемен баратын таксистер, қазір 20-50 мың теңгеге дейін сұрауда. Бұл желі қолданушыларының жан-айқайы. 

Еске салайық, жер сілкінісінің қуаты – шамамен 4 балл.

 

Жүктелуде...