Майамиде әуеге көтерілген ұшақ өртенген

Апатты жағдайға ұшақтың қозғалтқышынан шыққан өрт себеп болған.

Фото: http://thesun.co.uk/

Оқыс оқиға АҚШ-тың Майами әуежайында болған. Желіде таралған видеода алып ұшақтың апаттық қону кезінде лаулап жанғаны бейнеленген, - деп хабарлайды Newsroom.kz thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Бейсенбі күні кешке Atlas Air әуекомпаниясының Боинг 747-8 ұшағы Майами әуежайынан ұшып шығып, мұхитты, қаланы асып  қайта бұрылып, қонуға мәжбүр болды. Апатты жағдайға ұшақтың қозғалтқышынан шыққан өрт себеп болған. 

Оттай лаулаған ұшақтың әуеде қалықтап бара жатқаны видеоға түсіп қалған.

Әуекомпания мәліметінше, жүк ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-де аман-есен әуежайға қонған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

"Халықаралық Майами әуежайынан ұшып шыққан (MIA) 5Y095 жүк ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты қайта қонуға мәжбүр болғанын растаймыз", - деді компания өкілі.

Жүктелуде...