21 қаңтар болжам бойынша, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бұл қалаларда ауа-райы салдарынан атмосферада ластаушы заттар жиналады. «Қазгидромет» РМК 20-22 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.
Түнде елдің батысында ауа температурасы 7-15 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 15-23 аязға дейін әлсірейді, оңтүстікте 5-13 аязға дейін көтеріледі, шығыста 22-31 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 13-22 градусқа дейін төмендейді.