Бельгиялық баланың атынан әкесіне өлең шығарыпты

"Көрмеген әкеме хат" өлеңінен соң, жаңалықтар көбейе берсін.

Фото: Kymbat Doszhan

"Көрмеген әкеме хат" өлеңінен соң, жаңалықтар көбейе берсін,-деп Жәнібектің атынан әлеуметтік желі қолданушылар өлең шығарыпты,-деп хабарлайды Newsroom.kz 

Мен жетімнің өміріне төзген ем,

Әкетайым,  қайдасың мен көрмеген?

Мүмкін саған ұқсап тұрған шығармын,

Сол албырттық жасыңдағы кезге мен.

Анажаным айта алмаса шындықты,

Менің әкем  болу керек шын мықты.

Мен едім деп "кінәлі жан" бәріне,

Қуантшы кеп, мендей балаң, мұңлықты.

Еркексің ғой, мен де еркекпін,әкешім,

Жасырынбай, айтшы сөздің төтесін.

Маған сенен керек емес ештеңе,

Көрсем болды, сонда бақты етесің!

Жер жаһанда жалғыз едім жылаған,

"Қазақ" деген елім болды ұнаған.

Итермеді көкірегімнен қуандым,

Ұлың бар ма,табылса ғой шын ағам!

Жасырма әке, мәрт халық қой қазағым,

"Қазақпын" деп, мақтанышпен жазамын.

Мүмкін ұлың мені уайым етіп жүр,

Жүрегіне тамшы болып, азабым!

Әке, сенің қолыңда енді тағдырым,

Анашымның бір сейілтші бар мұңын!

Қалың елім, қазағың да кешірер,

Жас күнінде алдын болжай алды кім?

Әке, өтінем, тірімісің, бармысың?

Менің саған болсын осы алғысым!

Қазақ мені тастамайды далаға,

Менің қаным қазақтарым, арлы шын!

Әке, келші,  мен бақытсыз емеспін,

Өтсін мейлі жастығыңда елес күн!

Қазақ деген елім барда уайым жоқ,

Мен өзімді, "жетім едім" демеспін!

Келші, Әкеееее!.  Жәнібегің

                                           Мұрат Әбсадықұлы

Айта кетейік, «Бармысың, бауырым?» хабары Еуропада өскен, бельгиялық жалғызбасты әйел асырап алған қазақ баласының туған анасын іздеуді жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, белгілі тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында сараптама нәтижесін жариялады. 

«Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін деп ДНҚ анализ тапсырған Бауыржанның нәтижесі 0 пайыз шықты», деп жазды ол.

Жүктелуде...