weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан күріші алғаш рет Транскаспий бағытымен Еуропаға жеткізілді

Жүк Транскаспий бағытымен 30 күнде жеткізілді, жаңа маршрут шығынды азайтады.

Қазақстан күріші алғаш рет Транскаспий бағытымен Еуропаға жеткізілді
Фото; курсив

KTZ Express Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТМТМ) арқылы қазақстандық жарма күріштің пилоттық жеткізілімін жүзеге асырды. Тасымалдау теміржол және теңіз учаскелерін қамтыды.

Жүк Қызылордадан Ақтау портына жөнелтіліп, одан әрі Поти порты арқылы Антверпен портына жеткізілді. Грузия мен Бельгия арасындағы теңіз тасымалын CMA CGM Group қамтамасыз етті.

Бұған дейін мұндай жеткізілімдер құрлықпен жүзеге асырылып, қымбатқа түсетін. «Қазақстан темір жолы» мәліметінше, ТМТМ арқылы тасымалдау әлдеқайда арзан. Транзиттің шамамен уақыты — 30 тәулік.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→