Еліміздегі мегаполисте 3 есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды.

Фото: Polisia.kz

Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды, оның екеуі фитолаборатория болып шықты, – деп хабарлайды Newsroom.kz сайты Polisia.kz– ке сілтеме жасап.

Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 кг астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы шетелдіктер.

Жүктелуде...