Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әсел Сабыржанқызының кілемдегі туындысы париж халқын таң қалдырды

Парижде 120-халықаралық заманауи көрмесі өтті.

Әсел Сабыржанқызының кілемдегі туындысы париж халқын таң қалдырды
Фото: Aiqyn.kz

Парижде 120-халықаралық заманауи  көрмесі өтті. Salon d 'Automne  деп аталатын мәдени іс-шарада әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңнан аса әртіс өз туындысын көрсетті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл көрмеде алматылық ару Әсел Сабыржанқызының туындысы да қатардан тыс қалмады. Әсел Сабыржанқызының шығармашылығы кілем үстіне қылқаламмен сурет салып, әлеуметтік желі қолданушыларына жақсы танылған. Париждегі көрмеге шебер Ұлы Даланың батыл қыздарын бейнелеген кілем-картинасын алып келді. Көрме басшылығы Әселдің көзтартар туындыларына ерекше қызығушылық танытты. Сонымен-қатар, Франция саясаткері әрі гуманист Симон Вейльдің портретін бейнелеуін өтінген. Ал картина Париж көрмесіне табысталады. Жиль Гийом, Salon D’Automne халықаралық көрмесінің президенті: - Бұл көрмеге кез келген ел суретшілерінің қатысу мүмкіндігі бар. Әр елдегі шығармашылық иелерін бір арнаға тоғыстыратын мазмұнды іс-шара . Классикалық жанрдағы туындыларға ғана арналған 20-ғасырдың басында қалыптасқан Salon d’Automne көрмесі. Онда жаңа идеялар айтылып, түрлі бағыттармен таныстырылды.