Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады

Өзгерістерге сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағына UTC+5 белдеуін қолдану ұсынылады

Фото: pixabay.com

Қазақстан 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызына қараған түні бірыңғай уақыт белдеуіне ауысады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Тиісті Үкімет қаулысының жобасы "Ашық заңды тұлғалар" порталында жарияланды. Ендігі кезекте, өзгерістерге сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағына UTC+5 белдеуін қолдану ұсынылады.

Құжатқа сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа ауыстырады.

Жүктелуде...