Бүгін Парламентте шетелдіктер асырап алған жетім балалар тағдыры туралы сауал жолдадық - деп жазды Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында, -деп хабарлайды Newsroom.kz
“Рас, бұл тақырып бұған дейін бірнеше рет көтерілген. Еліміздің Бас прокуратурасы 2014 жылы шетел асқан балалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, арнайы тексеріс жүргізді, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынды. Бұл тексерістің нәтижесі және қабылданған шешімдердің орындалу барысы бізге беймәлім” - деп жазған сенатор.
Айталық, Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдерге кеткен 120 бала бақылауға алынды ма? Бірыңғай мәліметтер жүйесі құрылды ма? Жауап күтетін сауалдар көп - деп жазған сенатордың жазбасының толық нұсқасы мына сілтемеде.
https://www.facebook.com/share/B5MCVbievijL4VeE/?mibextid=I6gGtw