Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Мәңгүрт бейнесі» Канделаки Қазақстан белсенділеріне қарсы жауап жазды

Ресейлік журналист не айтқысы келді?

«Мәңгүрт бейнесі» Канделаки Қазақстан белсенділеріне қарсы жауап жазды
фото: altyn-orda.kz

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки Қазақстандық белсенділердің жауабына қарсы пост жазды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Канделаки біздің елімізді орыс тіліне "қысым көрсеткені" үшін айыптаған еді.

Еліміздің Динара Сәтжан, Ермұрат Бәпи сияқты белгілі тұлғалары мен қоғам белсенділері Тина Канделакиге қарсы жауап жазды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілердегі оқырмандар да ресейлік журналистің орынсыз сынына қарсы өз пікірлерін жарысып жазуда.

Канделаки дауды одан әрі жалғастыруды шешіп,  "Борат" фильмін еске түсірді.

"Құрметті қазақтар, сіздерде қарапайым "Мәңгу" деген ұғым бар. Одан есте сақтау қабілетін, жеке басын, кейде ақыл-ойын жоғалтқан мәңгүрттің бейнесі шығады. Өздеріңізді және болған оқиғаның бәрін есте сақтамай, болған оқиғаларды және тарихи атауларды алып тастау - бұл сауатсыз әрі қауіпті іс", - деді ол.

Журналист өткенді ұмыту "Борат"фильміндегі мінез-құлыққа сәйкес келу екенін атап өтті.

"Қазақстаннан басқа ол фильмге кім тыйым салды? Ресей және шығанақ елдері. Ал Батыстың елдері қайда? Олардың Қазақстанға түкіргені бар. Олар үшін қазақтар кім? Фильмнің жауабы айқын. Өткенді ұмытпау керек. Екі жыл бұрын Қазақстан өз өмір сүруін тоқтатудың аз-ақ алдында қалғанын ұмытпаған жөн. Сол кезде көмекке келген көршілерді ұмытпаған жөн",- деп жазды Тина Канделаки.