Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қаңтар, 2024 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Таяқпен тәртіпке салған: Маңғыстауда мұғалімнің оқушыны ұрған видеосы таралды

Әлеуметтік желіде видео тарады

Таяқпен тәртіпке салған: Маңғыстауда мұғалімнің оқушыны ұрған видеосы таралды
фото: mangystaumedia.kz

Оқиға осыдан екі күн бұрын, 16 қаңтарда Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды newsroom.kz сайты mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан мұғалімнің қолына таяқ ұстап, оқушыларды жазалап жатқанын байқауға болады. Осылайша ол сынып ішін аралап, біртіндеп ұл балалардың алақанынан ұрған. Облыстық білім басқармасы мұғалімге қатаң сөгіс беріліп, жұмыстан босатылғанын хабарлады. 

"Оқытушы – төрт ай жұмыс өтілі бар жас маман, бастауыш сынып мұғалімі. Мұғалімге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, сондай-ақ негізгі бұйрыққа сәйкес "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы тағайындалды. 2024 жылдың 17 қаңтарында жұмыстан босатылды", - делінген Маңғыстау облыстық білім басқармасының хабарламасында.