Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Жылу энергетикасы туралы» жеке салалық заң әзірленді», — деп хабарлады Newsroom.kz
Ол бойынша жылу желілеріндегі бақылау функциясы жергілікті атқарушы органнан алынып, Ядролық-энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне беріледі.
Министрдің сөзінше бұл — саланы талдау мен ақпараттың жинақталуына мүмкіндік беретін көрінеді. Министр отырыста тозығы жеткен станциялар мен электр қуатының тапшылығы мәселесін шешу туралы да айтты. Министрлік елдегі тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті арттыру үшін 35 ГВт-қа дейінгі қосымша жаңа генерациялау қуатын енгізуді көздейтін электр энергетикасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Оның аясында қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етілмек.
Мұндай жобалардың қатарында Karabatan Utility Solution ЖШС бу-газды қондырғыны 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту, қуаттылығы 6,7 ГВт болатын жаңа генерацияның құрылысы да қарастырылған. Және Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт газ станцияларын салу да жоспарда бар.