Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің ойынша Ұлттық Олимпиада комитетінің қазіргі құрамы "Ескі Қазақстан" өкілдерінен тұрады, деп хабарлайды Newsroom.kz
Құлыбаевтың келуімен елдің спорттық жетістіктері төмендегенін айтып, ҰОК-та ревизия жүргізуді талап етті.
"Мысалы, Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бірде-бір алтын немесе күміс медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен оралған. Ал медальдық есепте біздің еліміз 83-орынға төмендеді", - деді Ермұрат Бапи.