Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Пара алған ба? Еңбек мобильділігі орталығы басшысы қамауға алынды

Еңбек мобильділігі орталығы басшысы қамауға алынды

Пара алған ба? Еңбек мобильділігі орталығы басшысы қамауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Күдікті тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды,- деп хабарлайды Newsroom.kz.

Антикордың мәліметінше, ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікті.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 
Қазіргі таңда тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынып,тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.