Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қаңтар, 2024 / NewsRoom / Жаңалықтар

Президенттің сұхбатынан әлеуметтік дамуға қатысты бірнеше ой түйдім – Алматы қаласы мәслихатының депутаты

Осы орайда депутат жеке тәжірибесінен мысал кетірді.

Президенттің сұхбатынан әлеуметтік дамуға қатысты бірнеше ой түйдім – Алматы қаласы мәслихатының депутаты

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әсия Ақанова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатына қатысы пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Мен Президент Қасым Жомарт Кемелұлының сұхбатын қызығушылықпен оқып шықтым. Онда Мемлекет басшысы көптеген әлеуметтік өзекті сұрақтарға жауап берген. Әлеуметтік даму, спорт, мәдениет және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін мамандандырылған комиссияның төрағасы ретінде сұхбатты оқи отырып, мен әлеуметтік дамуға қатысты бірнеше ой түйдім. Біріншіден, белсенді азаматтық қоғамды нығайту бойынша жұмыс жалғасуда. Жаңа ережеге сәйкес, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, тұңғыш рет 700-ге жуық ауыл әкімінің сайлауы өтті. Кейінгі кездері жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сүйенсек, Мәжіліске деген сенім артқан. Қаламыздағы Мәслихат қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді», - деді ол.

Осы орайда депутат жеке тәжірибесінен мысал кетірді.  

«Мәслихат депутаттары жыл басынан бері «Сенат-Мәжіліс-Мәслихат» практикалық триадының аясында белсенді жұмыс істеп, түрлі деңгейдегі депутаттар есеп беріп, мәселелерді талқылап жатыр. Депутаттар алматылықтардың өтінішін айтып қана қоймай, республика деңгейінде шешілуі тиіс мәселелерді жиі көтеруі керек деп санаймын. Мемлекет басшысы алдымызға ауқымды әлеуметтік-экономикалық міндеттер, атап айтқанда, жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайту, идеологиялық мақсаттар, мәселен, мәдениетімізді жаһандық деңгейде танымал етуді баса айтты. Ал бұл міндеттердің сапалы орындалуы әрбір қазақстандыққа байланысты. Сондықтан біз «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы жұмысты белсенді түрде жалғастыруымыз керек деп ойлаймын», - деді Әсия Ақанова.