Қасіретті қаңтар оқиғасынан тура екі жыл өткеннен кейін берілген Мемлекет басшысының сұхбатында ұлт тарихындағы бұл қайғылы айғаққа қатысты көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап айтылды. Бұл пікірді философия ғылымыының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы.
«Қаңтардағы бұл бүліктің сипаты мен салдарлары, қаныпезер қаталдық пен азғындықтың жантүршігерлік айғақтары көптің көңілінде түйткілді сұрақтар қалдырды: билік пен халық арасы неден ушықты, неге өзара сенім азайды, наразылықты бейбіт шешудің жолы қалмады ма, бейбіт шеруге шығудың мәдениеті жоқ па еді бізде, тобырға тән инстинкттер бой алдырып кетті ме, кәнігі баскесер күштер қайдан пайда болды және т.б. Бұл сұрақтардың аталмыш сұхбаттан жауап алғандай болдық. Атап айтқанда, Барыс жылының басындағы бейбіт шерумен басталып соңы қатыгез лаңкестік шабуылдармен, миллиардтаған шығын әкелген тонаушылық әрекеттермен және жүздеген адам өлімімен сипатталған тосын оқиғаға саяси тұрғыдан баға берілді. Президенттің объективті бағалауынша, «қасіретті қаңтар оқиғасына жылдар бойы қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жалпы тоқыраудың билік пен қоғамды аздырып-тоздыруы себеп болды», - деді ол.
Сондай-ақ профессор ел басына күн туған осындай сын сағатта Мемлекет басшысының табандылығына қалың көпшілік тәнті болғанын атап өтті.
«Ал басты субъективті себептер ретінде «елімізде әбден тамыр жайған жүйеге» берік «ықпалды адамдардың» болуы және олардың саяси реформаларды «билік құрылымындағы өздерінің «ерекше мәртебесіне» төнген қатер деп қабылдауы», «өздеріне ыңғайлы бұрынғы қалыпқа оралу үшін бәрін тас-талқан етуге шешім қабылдауы», «жоғары лауазымды тұлғалардан тұратын бұл топтың күштік құрылымдарға да, қылмыс әлеміне де орасан зор ықпалының болуы» және т.б. Ел басына күн туған осындай сын сағатында, Қазақстанның саяси тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына нақты қауіп төнген тұста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың табандылығына қалың көпшілік тәнті болды. Кейінгі кездері қоздырушылық сипаты күшейген интернет желісінің бұғатталып, ақпараттық тапшылық орнаған ке зде ре сми хабар т арату көздерінен Президенттің әрбір сөйлеген сөзі мен үндеулері, сақ болуға, сабырға шақыруы, орынды ескертулері мен жасаған батыл қадамдары, әсіресе, арнайы комиссия құрып, халықтың талабын қанағаттандырып, айыптыларды жауапқа тартуы, жүгенсіздіктерге жол берген Министрлер кабинетін отставкаға жіберуі, Қауіпсіздік кеңесін қолына алып, өз құзыретіне сай ҰҚШҰ көмегіне жүгінуі, лаңкестермен келісімге келуден түбегейлі бас тартып, ішкі арнайы күштерді жұмылдырып, антитеррорлық әрекетті батыл жүргізуі, Төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағатты дер кезінде енгізуі, Аза тұту күнін белгілеп, Жолдау даярлауы халықтың көңілінен шығып, қоғамдық тұрақтылық пен тыныштықтың орнауына орасан зор септігін тигізді. Бұл іс-шаралар, сөз жоқ, Президенттің халық алдындағы абыройын асқақтатты, Мемлекет басшысына деген елдің құрметі мен сүйіспеншілігін арттырды», - деді Бақытжан Сатершинов.