Голландияның Арнем қаласында антиисламдық топ Құранды өртеуге тырысты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Өртеу акциясын Батыстың исламдануына қарсы "Патриоттық еуропалықтар қозғалысы" ұйымдастырыпты.
Оның жетекшісі Эдвин Вагенсвельд Құранға тұтандырғыш сұйықтық құйып, оны өртеуге тырысқанда, ислам жанашырлары полицияның қоршауын бұзып өтіп, "Аллаху Акбар" деп айғайлап, өртеуге жол бермеген.
Жергілікті полиция Құранды қорғамақ болған жандарды таяқпен ұрды. Бұдан өзге, жарылғыш заттардың да дыбысы естіліпті.