Саясаттанушы: жақын күндері жаңа министрлердің шығуы әбден мүмкін

Президент жуырда Үкіметтің кеңейтілген жиналысын өткізеді.

коллаж: newsroom

Ел азаматтары мен түрлі деңгейдегі сарапшылар әртүрлі «болжамдар» айта бастаған уақытта елімізге танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев golos-naroda.kz порталына сұхбат беріп, өз ойларымен бөліскен. 

Бұл туралы newsroom.kz тілшісі аталмыш жазбадан үзінді жариялады. 

Қазіргі түрлі саяси шолушылардың лексиконынан «саяси ауыр салмақты» яғни ауыз екі тілмен айтсақ, «политический тяжеловес» терминін кездестірмейсіз. 
Ал, журналист Анна Величконың golos-naroda.kz басылымына жариялаған мақаласына пікір білдірген Данияр Әшімбаев біздің биліктің жасарып отырғанын және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жастарға да мүмкіндік берген айтқан. Ол өткен жылдың басында тағайындалып, артынан доғарысқа кеткен А.Оралов пен З.Сүлейменованы мысал еткен. 10-15 жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасының түлектері ел локомотивіне айналуы тиіс еді, 2022 жылы аталмыш бағдарламаның администраторына министрлік 23 млрд теңге аударғанын саясаттанушы тілге тиек еткен. Қазір аталмыш бағдарламаның түлегі әрі саясатта сәтті қызмет етіп жүрген министрлер туралы аз естиміз деген. 

Мемлекет басшысы кадр таңдауда түрлі тәсілдерге жүгінеді. Орынбасарлар да өсіп жатыр. Жуық күндері жаңа тұлғалардың жаңа министр ретінде тағайындалуы әбден мүмкін деп ой түйеді Д.Әшімбаев.

Жүктелуде...