weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“Анасы мен өгей әкесі өлтірген” 14 жасар қыздың мүрдесі табылды

Талдықорғанда жоғалған қыздың денесі табылды

“Анасы мен өгей әкесі өлтірген” 14 жасар қыздың мүрдесі табылды
Фото: kaztag

Талдықорғанда екі ай бұрын жоғалған Карина Дарохинаның денесі табылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы el.kz-ке сілтеме жасап.

Оның көптен бері мектепке бармай, хабар-ошарсыз кеткенін өз әкесінің туыстары байқап, анасына сұрау салған. Полицияға арыз жазуға келген анасы оның қарашадан бері жоқ екенін айтқан. Тергеу барысында әйел екінші күйеуімен қызды қасақана өлтіргенін мойындап, мүрдесін жасырған жерді көрсеткен.

Екі ай бұрын жоғалған оқушы қыздың мүрдесі Талдықорған қаласынан 40 шақырым қашықтықтағы Текелі тауынан табылды. Оны отбасылық жанжалдан кейін анасы мен өгей әкесі өлтіріп, жансыз денені автокөлікке салып әкеткен. Осы уақыт аралығында Айсабакиевтер өтірік мәлімет беріп, іздеу жұмысына және тергеу барысына да кедергі келтірді, - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.

Қазір олар уақытша ұстау орнына қамалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→