Қызылорда облысында газ баллоны жарылып, әйел адам көз жұмды

Жалағашта газ баллоны жарылды

Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысындағы Жалағаш ауданында жекеменшік үйде газ баллоны жарылып, оқиға орнында бір кісі қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қызылорда облыстық ТЖД баспасөз 50 литрлік газ баллонының жарылысынан үй өртеніп кеткендігін хабарлады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйінді астынан 1948 жылы туған әйелдің денесін тапты. Ұлы өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін анасын құтқаруға тырысып, екінші дәрежелі күйік алған, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Өртті сөндіруге бір техника мен жергілікті өрт сөндіру бөлімінің алты қызметкері жұмылдырылып, бір жары сағатта өрт ауыздықталды.

Жүктелуде...