Алматы облысында 34 жастағы әйел жоғалып кетті

Алматы облысында он күн бұрын 34 жастағы әйел жоғалып кеткен

Алматы облысында Кеген ауылының тұрғыны 1990 жылғы Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кетті,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Туысқандарының айтуына қарағанда жоғалған әйел 2023 жылы 25 желтоқсан күні таңғы сағат 6:00-де үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен. Кейбір мәліметтер бойынша Мөлдір Әбдіманапова сол күні Есік ауылының қиылысына дейін таксимен барған.  

Әбдіманапова Мөлдірдің бойы - 162-165 сантиметр, арықтау келген, шашы ұзын, қара тұсті. Оның үстінде қара түсті қаракүзен ішігі, көк джинсы шалбар және қара етігі болған.  

Ұшты-күйлі жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар болса, мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 701 375 9291, 8 705 105 3131 немесе 102.

Жүктелуде...