weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Талдықорғанда 14 жасар қыз жоғалып кетіпті

Оқушы іздестіріліп жатыр

Талдықорғанда 14 жасар қыз жоғалып кетіпті
Фото: istockphoto.com

Талдықорғанда 14 жастағы қыз іздестіріліп жатыр,-деп хабарлайды newsroom.kz.

Талдықорған қаласының ПБ мәліметінше, 28 желтоқсанда полиция бөліміне мектептердің бірінің басшылығынан бірнеше ай бойы сабаққа қатыспаған 14 жастағы оқушының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті.

Кәмелетке толмаған оқушыны іздеумен Талдықорған қалалық полицияның қызметкерлері айналысуда. Оның жоғалуының барлық мән-жайлары анықталуда.

"Іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің іздестіру бөлімінің жедел уәкілдері мен жақын орналасқан аудандардың полицейлері де тартылған.Жоғалған қыздың ата-анасы, туыстары мен жақындарынан жауап алынуда. Бейнебақылау камералары қаралып, такси аялдамалары тексеріліп жатыр , сондай-ақ жоғалған қызды тез арада табуға бағытталған басқа да іс-шаралар жалғасуда", делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→