Tesla зауытының инженерін Техас штатында робот-манипулятор жарақаттапты,- деп хабарлайды newsroom.kz.
Daily Mail басылымының жазуынша, алюминийден жасалған көлік бөлшектерінің орнын ауыстырып жатқан робот істен шығып, жанында жұмыс істеп жатқан инженерге манипуляторын сұғып алған. Инженердің қолы және арқасы жарақат алған.
2021 жылы болған бұл оқиға енді ғана белгілі болған көрінеді. Басылымның жазуынша, 2021 жылы да, 2022 жылы да Tesla жылдық есептерінде роботтардың әрекетінен болған жұмыс орнындағы жарақаттар туралы тіс жармаған. Себебі, бұл мәселе компанияның ерекше бақылауында болып, бөлек талқыланып отырған көрінеді.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда робот адамды көкеніс қорабы деп ойлап, өлітіріп алғанын хабарлаған едік.