weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда робот баланы теуіп жіберді: оқиға видеоға түсіп қалды

Қытайдың Шыңжаң өңіріндегі туристік нысандардың бірінде өнер көрсетіп жүрген робот-аниматор баланы теуіп жіберді. Оқиға бейнекамераға түсіп қалып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Қытайда робот баланы теуіп жіберді: оқиға видеоға түсіп қалды

Бейнеден роботтың каратэ әдістерін көрсетіп жатқан кезде кенеттен кішкентай баланы аяғымен теуіп жібергенін көруге болады. Соққыдан кейін бала ішін ұстап, ауырсынғаннан отырып қалып, жылай бастайды.

Баланың анасының айтуынша, ол болған жағдай туралы полицияға хабарлаған. Оның сөзінше, саябақ қызметкерлері оқиғаға бірден назар аудармаған. Робот саябақ әкімшілігінің басқаруымен жұмыс істеген деген ақпарат бар.

Айта кетелік, бала ауыр жарақат алған жоқ. Дегенмен, бұл бейнеролик әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→