Оңтүстік Кореяда робот ер адамды көкөніс салынған қораппен шатастырып, оны көтеріп конвейерлік таспаға жақындатып, беті мен кеудесін езіп жіберген,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
40 жастағы қызметкерді дереу ауруханаға жеткізгенімен, оны аман алып қала алмады.
Қайғылы жағдай Кенсан-Намдо ауданындағы бұрыш сорттау зауытында болған. Ер адам 8 қарашаға жоспарланған тестілеу алдында робот жұмысын тексеріп жатып, қайғылы жағдайға тап болады. Бұрыш салынған жәшікті көтеріп, паллетке қоюы керек робот адамды көтеріп, жаншып тастайды. Алғашында 6 қарашаға жоспарланған тестілеу, роботта қиындықтар туындағасын кейінге қалдырылған көрінеді.
Зауыт иесі – Donggoseong ауылшаруашылық кешенінің ресми өкілі «нақты әрі қауіпсіз» жүйе жасауға шақырды.