Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар

Қыс айында қытайлар Маңғыстау мұнайынан 40 млрд дивиденд алған

Қытайлар неге Маңғыстаудан 40 миллиард теңге алып кетті?

Қыс айында қытайлар Маңғыстау мұнайынан 40 млрд дивиденд алған
theqazaq.times

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы 2023 жыл аяқталар уақытта өзінің акционеріне қордаланып қалған табыстан 79 миллиард теңге дивиденд төледі,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы nege.kz-ке сілтеме жасап.

Компания акционері саналатын «MIVB» фирмасының тең жартысына Қытай Халық Республикасы иелік етеді. Қалған жартысын «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы арқылы Қазақстан мемлекеті қолында ұстап отыр.

Акционерлер 79 миллиард теңгені теңдей бөліп алды. Ол шамамен 39,5 миллиард теңге.

nege.kz

2022 жылдың қорытындысы бойынша «Маңғыстаумұнайгаздың» таза табысы кәдімгідей төмендеп барады. 2021 жылды компания 170 миллиард теңге таза пайдамен аяқтаса, 2022 жылы небәрі 98 миллиард теңге тапты. 

Оның себебі, компанияның шығындары артып кеткен. Әкімшілік шығындары 23 миллиард теңге, тауарды өткізу шығындары 341 миллиард теңгеге жетіп отыр.

nege.kz

Жалпы, қытайлар «Маңғыстаумұнайгаздың» 2021 жылғы табысынан 45 миллиард теңге, 2020 жылғысынан 47 миллиард теңге дивиденд алды. Олар «Маңғыстаумұнайгаз» «Қаламқас» және «Жетібай» кен орындарын игеріп отыр. Бұл кеніштерде мұнай қоры сарқылуға жақын.

Соған қарағанда, компания үшін алдағы жылдары батыл шешімдер қабылдап, жаңа кен орындарын барлаудан басқа амал қалмайды. Себебі, әу бастан әлеуметтік жүктемесі көп компания тоқтап қалса, бүкіл өңір тұрғындары жұмыссыз қалмақ.