weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
20 желтоқсан, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда бір бала мен екі жасөспірім жоғалып кетті

Ақтауда бір бала мен екі жасөспірім жоғалып кетіпті

Ақтауда бір бала мен екі жасөспірім жоғалып кетті
фото: azattyq-ruhy.kz

Ақтауда бала мен екі жасөспірім жоғалып кетті, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті 2007 жылы туған Ақниет Балқан, 2006 жылы туған Қуанышбек Ахманов және 11 жастағы Шерхан Сәрсенбекті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Lider.kz еріктілер қозғалысы.

Ақниет Балқан 10 желтоқсанда үйінен (27-шағынаудан, 52-ғимарат мекенжайы бойынша) шығып, әлі оралмаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Ақниет орташа денелі, бойы - 160 сантиметр, шашы қара.

2012 жылы туған Шерхан Сәрсенбек 17 желтоқсанда сағат 15:00-де 29-а ықшамаудан, КФС мекенжайындағы анасының дәмханасына барған.

"Кейін сағат 18:00-де ол үйіне жаяу барған, әрі қарай қайда екені белгісіз. Бойы - 140 сантиметр, шашы қара. Үстінде қара күрте, ақ кроссовка және қара шалбар болған", - деп хабарлады полиция.

17 желтоқсанда 2006 жылы туған Қуанышбек Ахманов жоғалып кеткен. Бойы – 170 сантиметр, орта денелі, шашы қара. Үстінде көк күрте, ақ көйлек және қара шалбар болған.

"Жоғалғандар туралы мәлімет білетіндерден +7 700 911 72 92 немесе 102 телефондарына хабарласуды сұраймыз. Ақпаратты таратуда бізге көмек керек", - делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→