Өзбекстан астанасында ауа сапасы төмендепті,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы repost.uz сайтына сілтеме жасап.
17 желтоқсандағы көрсеткіш бойынша Ташкенттегі ауаның ластану деңгейі нормадан 10 есеге асып кетіпті. Деректер IQAIR порталында көрсетілген.
Сағат 10: 00-де Өзбекстан астанасындағы мониторинг станциясы 135 AQI нәтижесін көрсетті. Көрсеткіш бойынша PM2 5 концентрациясы - ДДҰ ұсынған ауа сапасының орташа жылдық мәнінен 9,9 есе жоғары.