Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 желтоқсан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қандай талап қояды?

Анасының айтуынша, Димаш Құдайберген ет тағамдарын жақсы көреді.

Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қандай талап қояды?

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Света Айтбаева ұлы Димаш Құдайбергеннің сүйікті тағамдарын айтып, болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Димаш келе жатыр" деген күннен бастап, әжесі қазанға етін салады. Одан кейін бөлек нанмен жейтін қазысын асып қоямыз. Ол бала күнінен ет тағамдарын жақсы көрді. Жазда жеміс-жидек пен көкөніс пісетін маусымда банка жабамыз. Барлық отбасы секілді біз де қысқа дайындаламыз. Сенесіздер ме, Димаш үшін бір маусымда 100-ден аса банка жабамыз. Ол қолдан қайнатылған компотты өте жақсы көреді. Әлі күнге дейін сүйсініп ішеді, – деді әнші.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне бәрін өзі үйретуге дайын екенін жеткізді.

Димаш үйленіп, келін түсіретін жасқа да жеттік. Келініме қоятын талабым жоқ. Өзінің үйінен ештеңе білмей келсе, бәрін басынан бастап үйретемін. Өзіміз де үй тірлігі мен тамақ істеуді қатырып үйреніп келген жоқпыз. Босаға аттаған шаңырақтан үйрендік. Ең қызығы бала күнімнен ішек-қарын тазалауды білемін. Димаш сияқты мен де ата-әжемнің бауырында өскенмін. Аға-жеңгеммен тұрдық. 7-сынып оқып жүргенде үйге қонақтар келетін болып, жеңгем үлгермей жатты. Сол кезде ішек-қарын тазалап бергенім бар. Бәрін өмір үйретеді. Қазіргі келін болатын қыздарға бәрі жайын. Ғаламтордан қарап неше түрлісін пісіре беруге болады. Бірақ өз басым үйде отырып, тапсырысқа тамақ алдырғанды құп көрмеймін. Ол дұрыс емес, – деді өнер иесі "Оян" бағдарламасында. 

Cветлана Айтбаева ұлтабар тағамының қадір-қасиеті туралы айтып, сүйінші жаңалығын бөліскенін жазған едік.