Шымкентте 28 жастағы жігітті пәтерде өз әкесі өлтіріпті деп хабарлайды newsroom.kz.
Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйден 28 жастағы жігіттің денесін анасы тауып алған. Айналасы қып-қызыл қанға толы марқұмның денесінен сарапшылар пышақ іздерін байқаған.
Оқиға орнына келген сот-медицина сарапшылары жігітте тіліктер болғанын анықтаған. Қылмысқа күдікті марқұмның әкесі болып шыққан. Бұл жайттан кейін күдікті қашып кеткен.
Бұл дерек бойынша "Адам өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, - дейді Қаратау ауданының полиция басқармасының басшысы Данияр Плалов.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Полиция мәліметінше, күдікті психологиялық ауруларға байланысты есепте тұрады екен