«Байқоңыр» ауданының жас тұрғындары бірнеше тамаша фильмдерді тегін тамашалай алды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Байқоңыр ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл акция аудан оқушыларына Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ұйымдастырылған.
Көрермендер кіші және орта жастағы балалар болды, барлығы 150-ден астам оқушы.
"Аталған акция әлі де жалғасуда. Жыл соңына дейін аудан оқушылары үшін мәдени-бұқаралық іс-шараларға жолдамалар мен экскурсиялар жалғасатын болады",- делінген әкімдік хабарламасында.