Қазақстанда биыл 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болатын көрінеді,- деп хабарлайды newsroom.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес 2023-2024 жылдардағы қыс жауын-шашынға толы, жылы болады. Бұл 2001-2002 жылдағы қысқы ауа райына ұқсас екен.
"Суық кезеңде республика аумағында Атлантикалық аймақтардан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі қозғалуы күтіледі. Алдағы қыста Қазақстан аумағында температуралық фон басым 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанған. Тек желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан бір градусқа төмен болады деп болжанған", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Қаңтар және ақпанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормаға жақын немесе одан жоғары болады, желтоқсанда жауын-шашын республиканың басым бөлігінде нормаға жақын, республиканың солтүстік жартысында нормадан төмен болады деп болжады синоптиктер.