Бұл туралы newsroom.kz порталы massaget.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы Төле би ауданы Қазақстан ауылында сұмдық жағдай болды. 9-сынып оқушысы із-түзсіз жоғалды. 15 жастағы Саяжан 3 күннен соң Шымкенттен табылған. Туыстарының айтуынша, оқушы 3 күн бойы қорлық көрген екен.
Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды.
Қызды қорлаған адам - көрші ауылдың жігіті. Күдікті жазадан құтылу үшін кәмелет жасына толмаған қызды қалыңдық етіп алмақшы болған. Алайда оқушының ата-анасы құзырлы органға арыз жазып, қылмыстық істің қозғалуын талап етті.
«Інім тұрып жылады. Екі күн болды, қызым жоқ дейді. Полиция, мұғалімдер келіп іздедік. Қолында салынған иненің ізі бар. Қыз біресе күледі, біресе жылайды, біресе қорқып айқайлайды. Солардың ұрғанын айтты. Асты қажалып кеткен, қап-қара болып кеткен. Бәрін айтып берді», - деді қыздың әпкесі Айымкүл Ниязқұлова.
Саяжанның жоғалып кеткенін әкесі бірден байқаған. Қыз бұған дейін ешқашан үйден жырақ кетіп көрмеген. Саяжанның құрбысы сағат 02.00-де оны сыртқа шақырған. Қыз шыққанда құрбысын емес, екі әйелді көрген. Олар Саяжанды Қазақстан ауылының маңындағы Қасқасуға алып кеткен. Көлікте екі әйелден басқа Ринат есімді жігіт болған. Қыздың әпкесі Айымкүл Ниязқұлованың айтуынша, қызды Ринат зорлаған. Ал ол айқайлап, көмек сұрағанда басын тілген.
Келесі күні қызды Шымкентке пәтерге апарған. Қасындағы екі әйел Саяжанды салонға апарып бояндырған.
Қыздың әпкесі Айымкүл Ниязқұлованың айтуынша, Ринат қазір күдікті ретінде танылған, ал екі әйел із-түзсіз жоғалған. Кейін Ринат анасымен келіп, кешірім сұраған. Айымкүл Ниязқұлова Ринаттан кейін қызды тағы 3 жігіт зорлағанын айтты.
Ринат қазір тергеу изоляторында күдікті ретінде тергеліп жатыр. Күдіктінің анасы Әлия Ибраева баласының кінәлі емес екенін айтады.
«Балам үйде болды, камера болды, балам 12 жарымда үйге кірді», - деді анасы.
Ал қыз бұған дейін де Ринаттың тиіскенін айтты. Саяжан мен Ринат 19 тамызда танысқан. Олар жақсы араласып кеткен.
«Ринат қасыма келіп, жабысып, жыныстық мүшемді ұстай бастады. Мен ол кезде мән бермедім. Ол маған маңызды нәрсе айтамын деп қараңғы жерге апарып төсекке жатқызды. Шалбарымды шешіп, тиісті. Айтуға қорықтым. «Ринат біреуге айтсаң, өлтіріп кетемін» деді. Үйленемін деп айтқан жоқ», - деді Саяжан.
Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Бағдарламадан соң белгілі заңгер Нұрлан Байғазиев бұл істі өз қадағалауына алды.
Айта кетейік, осыған байланысты Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартуды және оның қайталануының алдын алу шараларын қолдануды жақтады.
Олар жеке қылмыс ретінде Қылмыстық кодекске «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» деген жеке бап енгізуді ұсынды. Бұл мұндай істерге оңтайлы жауап беруге мүмкіндік береді және полиция, прокуратура және соттар үшін арнайы оқытуды көздейді.
Сонымен қатар, "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы" заңға ұсынылып отырған түзетулер "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға қоғамның қатысуы" деген жаңа бапты құруды қамтиды. Бұл бапта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қоғамның белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған түрлі шаралар қарастырылған.
Ұсынылып отырған тағы бір өзгеріс – заңнамаға "экономикалық зорлық-зомбылыққа" қатысты норманы енгізу. Бұл ереже тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге жүйелі қолдау жасауға, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетудің құқықтық тетіктерін ұсынуға бағытталған.
Сондай-ақ, Ұлттық комиссия Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылған 2018 жылғы "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" сәтті жол картасын қайталауды ұсынды. Бұған дейін Түркістан облысының екі ауданында пилоттық режимде жүзеге асырылған жобаны республика бойынша кеңейту ұсынылады.
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия ықтимал құрбандарға туыстары мен жақындарына өмірлеріне қауіп төніп тұрғаны туралы ескертуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды.