Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
20 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: мал басы саны бойынша Бәйдібек ауданы облыста көш басында

Ауыл шаруашылығы өнім көлемі соңғы 5 жылда 54,7 пайызға өсіп, былтыр 35,6 млрд. теңгеге жетті.

Түркістан: мал басы саны бойынша Бәйдібек ауданы облыста көш басында
Ғаламтор желісінен

Биыл 7 айда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 20,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артты. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 39,1 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Облыста 273,4 мың гектар масақты дақылдардың 24,1 пайызы немесе 66 мың гектарын Бәйдібек ауданының егіс алқабы құрап отыр.  Оның ішінде, бидай 53 мың га, арпа 13 мың га болып табылады. «Ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған» бағдарламасына сәйкес ауданда егістік жерді игеру жоспары 103 500 гектар болса, бүгінгі таңға 109 345,9 га игерілді (105,6%).

1 алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын іске асыру жоспары 66,4 гектар болса, бүгінгі таңда (картоп, қияр, қырыққабат, қарбыз, қызанақ) 33 жоба іске асырылып жоспар толық орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жылдық жоспар 75 бірлік. Қазіргі таңда 37 техника алынып, тапсырма 49,3 пайызға орындалды.

Мал басын көбейту бойынша  өсім бар. 2023 жылы 7 аймен ірі қара мал – 67,5 мың бас (101,1 пайыз), қой-  587,9 мың бас  (102,2 пайыз), ешкі – 56,9 мың бас (99,4 пайыз), жылқы –  30,2 мың бас (110,9 пайыз), түйе 286 (101,8 пайыз),  құс – 125,5 мың бас  (103,4 пайыз) басты құрады. Тиісінше мал өнімдерін өндіру бойынша тапсырмалар да артығымен орындалды. 2023 жылы 7 айда ет 100,2 % (6 067,6 тонна),  сүт  99,5%  (21 314,6 тонна), жұмыртқа 103,2 % (7 454,8 мың дана) өндірілді.

Өнеркәсіп өнім көлемі 2021 жылы 1,3 млрд. теңге болса,   былтыр 1,4 млрд. теңгеге жетіп 7,6 пайызға өсті. Биыл 7 айда 464,1 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға артты.  

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6 мыңға жетіп, оларда 6,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Олармен 4,2 млрд.теңгеге (І-тоқсан қорытындысымен) өнім өндірілді. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім көлемін 32,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудан бойынша 5 жылда жалпы құны 25 млрд. теңгелік 30 инвестициялық жоба іске асырылып, 388 жұмыс орны құрылады деп күтілуде (Өңдеу,кәсіпкерлік саласы-9,Туризм саласы-6, Білім саласы-2, Агроөнеркәсіп саласы-11, Балық өсіру-2).

Осы жылы  2023 жылы 4,3 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жобалар іске асырылып, 112 жұмыс орны ашылады (Оның ішінде агроөнеркәсіп бағытында – 7 жоба, қайта өңдеу мен кәсіпкерлік саласы – 4 жоба, туризм бойынша қызмет көрсету орындары –  5 жоба)

  1. «Батыс Еуропа –Батыс Қытай» халықаралық жолының бойында орналасқан «Жібек Жолы 2» ЖШСқызмет көрсету орталығы, жоба құны 250 млн. теңге. Жұмыс орны – 7 адам. Нысан осы жылғы ІІ тоқсанда іске қосылды.
  2. «ЗЕИН School» ЖШС 300 орындық жеке меншік мектеп құрылысы. Жоба құны 300,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 30 адам. Нысан осы жылғы қыркүйек айында іске қосылды.
  3. “ERNUR-Корпорация” ЖШС 5000 бастық мал бордақылау алаңының құрылысы. Жоба құны 150 млн.теңге.Жұмыс орны – 10 адам.
  4. «Ерсұлтан Агро»ЖШССауда орталығы, техникалық жөндеу орталығы мен астық сақтау қоймасы. жоба құны800,0 млн. теңге.Жұмыс орны – 6 адам.
  5. «Көбей Агро» ЖШС демалыс аймағы. жоба құны 1,2 млрд. теңге.Жұмыс орны – 10 адам.
  6. Жеке кәсіпкер «Ағабекқызы Эльенора»текстиль өнімдерінің қалдықтарын қайта өңдеу (матрас, жастық) жобасы. Қуаттылығы 6 000 дана матрас пен 12 000 дана жастық шығарады. Жоба құны 70,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 7 адам.
  7. «Шоқ-Талап» шаруа қожалығының қосалқы балық шаруашылығын дамыту жобасының құны 66 млн теңге, жұмыс орны – 5 адам. Қуаттылығы 35 тонна.
  8. Жеке кәсіпкер «Маханбетов.Ж» демалыс аймағы. Жоба құны 52,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 5 адам.
  9. «Төлеген» шаруа қожалығының 120 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жобасының құны 30 млн. теңге, жұмыс орны – 2 адам.
  10. «Бәйдібек МТС» ЖШС 150 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын енгізу жобасының құны 40 млн теңге, жұмыс орны – 2 адам.
  11. Жеке кәсіпкер «Құлшымбетов Нұрқанат» құс еті мен жұмыртқа өндіру жобасының құны 70 млн. теңге, жұмыс орны – 10 адам. Қуаттылығы 45 тонна.
  12. Мешіт құрылысы құрылысы. Жоба құны 740,0 млн. теңге. Жұмыс орны – 3 адам.
  13. «Күлтөбе» ЖШС монша, техникалық қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 280 млн. теңге, жұмыс орны – 5 адам.
  14. Жеке кәсіпкер «Байсейт» фитнес орталығы. Жоба құны 90 млн. теңге, жұмыс орны – 2 адам.
  15. Жеке кәсіпкер «Бақова А» Сауда, қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 95 млн. теңге, жұмыс орны – 4 адам.
  16. «Айдын-96» ЖШС наубайхана мен қызмет көрсету орталығы. Жоба құны 48 млн. теңге, жұмыс орны – 4 адам.Қуаттылығы 15 тонна.

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда.  Бағдарламаның аясында несиелендіру    6 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар.             Бағдарлама Алғабас, Ақбастау, Көктерек, Борлысай ауылдық округтерінде іске асырылуда. Бүгінгі күнге, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 391 млн.теңгеге 67 жоба қаржыландырылды. Несие алған тұрғындар өз кәсібін ашып жақсы нәтиже көрсетілсе алдағы жылдары барлық ауылдық округтер қамтылатын болады. Аудан аумағында ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланатын жер көлемі 556 171 гектар. Ағымдағы жылы 28 жер телімінің заңсыз игерілгендігі анықталып, сотқа жолданды.  Одан бөлек өз мақсатында пайдаланбаған және құжаттары рәсімделмеген жалпы 29,8 мың гектар жер телімдері (егістік, жайылым) мемлекет меншігіне қайтарылды (жоспар 20 мың га).  Аталған жер телімдерін зерделеп, елді мекендердің аумағында орналасқан жайылым жерлерді ортақ жайылымға қосу жұмыстары жүргізілетін болады.

2023 жылдың 8 айының қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс бөлігі нақты 7,7 млрд. теңгені құрап, жоспарлы түсімнен 146,9 млн. теңгеге (101,9%) артығымен орындалды. Жергілікті бюджет түсімдері1,2 млрд. теңгені құрап, 111,6 пайызға орындалды. Ауданның жалпы өңірлік өнім көлемі (ВРП) соңғы 5 жылда 32,2 пайызға өсіп, былтыр  55,8 млрд.теңгені құрады.Биыл 7 айда 33,1 млрд. теңгенің   жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (32 062,0 млн. теңге) 1 млрд. 46 млн. теңгеге артып отыр. Жалпы өңірлік өнімнің құрылымы бойынша былтыр 63,9 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болып, өнеркәсіпке 2,5 пайызы, саудаға 26,2 пайызы, құрылысқа 7,4 пайызы тиесілі болды.

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2021 жылы 14,5 млрд.теңге болса, былтыр 21,6 млрд.теңгені құрады. Биыл 7 айда инвестиция көлемі 6,8 млрд. теңгеге жетіп,    былтырғы    тиісті    кезеңмен    салыстырғанда 8,3 пайызға артып отыр. Жыл соңына дейін негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін 25,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Білім беру саласы бойынша ауданда 22 мектепке дейінгі ұйымдар (15 мемлекеттік, 7 жеке меншік бала бақша) және 51 мектеп (1 жеке меншік бастауыш, 1 негізгі орта) бар.  Аудандағы 51 білім беру мекемесінде 2419 педагог 12 641 оқушыға білім беруде. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 2,7 мың бала (100 пайыз) қамтылған. Шаян елді мекенінде құны  300 млн. теңгелік  300 орындық «Зейін school» жеке меншік мектебі осы оқу жылында пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Н.Арапов пен О.Тайманов  мектептерінің жылу жүйелеріне және Жамбыл мектебінің ғимараты мен ауласына 148,1 млн. теңге қаржы қаралып, ағымдағы жөндеу жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде Шаян ауылынан 300 орындық жаңадан 1 мектептің құрылысы басталып жатыр.

Замануи мектеп түлектерінің 90-95%-ы жоғары оқу орындарына грантқа, немесе шетелдегі ең мықты, танымал оқу орындарына түскен.  Осы тәжірибені пайдалана отырып, жобаны барлық өңірде іске асыру көзделді. Бұл мектеп алдағы 2 жылда пайдалануға беріледі. 2023 жылға оқушылардың білім стандарты мен оқу бағдарламаларын сапалы меңгерту мақсатында ауданда 189 млн. 620 мың теңгеге 24 жаңа модификациялық кабинеттер алып беруге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 1 мектепке (Ы.Алтынсарин) жаңа оқу ғимараты; 5 мектепте (Тасқұдық, Боралдай, Бөген, Теректі, Ғ.Мұратбаев) орын тапшылығы сезіліп, қосымша ғимарат қажеттілігі туындауда.