Аймақта тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Соның бірі – Ордабасы ауданындағы «Темірші» шаруа қожалығы. Кәсіпкер бау-бақшасын демалыс орына айналдырып, келушілерге балық аулап, одан дәм татуға жағдай жасауды көздейді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Бұл – Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округінде орын тепкен «Темірші» шаруа қожалығы. Жер көлемі 700 гектар. Қарамағында 7 көл бар. Кәсіпкер мұнда карп, ақ амур, сазан сынды бірнеше балық түрлерін өсіреді.
Дінмұхаммед Ерген, «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының координаторы
-«Ауыл» партиясының ұстанған бағдарламасына сай, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, бүгін біз, «Ауыл» партиясы Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалы «Темірші» ШҚ-на келіп отырмыз. «Темірші» ШҚ бастап отырған балық шаруашылығы келешекте балық шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізетініне сенеміз.
Мұнда, шабақтар табиғи жолмен салмақ қосады. Бір артықшылығы осы... Қосымша, билогиялық жем берілмейді. Себебі, табиға су айындарының табанында балыққа қажетті дәруменнің бәрі бар,-дейді екі күн су сынамаларын алып, экологиялық мониторинг жүргізген ғалымдар.
Нұрлан Айтбаев, ауыл шаруашылығы, биология ғылымдарының докторы, профессор
-Ғалым ретінде, көп жылдық теорияма сүйеніп айта аламын. Осы «Темірші» шаруашылығы оңтүстік өңіріндегі толық репродуктивті балықты, шабақтан бастап асыл тұқымды балыққа дейін және тауарлы балыққа дейін өсіретін бірден-бір бірегей алдыңғы қатарлы балық шаруашылығы болатынына сенемін.
Балық шаруашылығын дамытуды басты мақсат еткен кәсіпкер 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шаруа қожалық ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні қарсаңында айдынға 31 мың шабақ жіберді.
Дарын Нақыбаев, «Темірші» балық шаруашылығының директоры
-Жанымызда 40 км жерде үлкен мегаполис Шымкент қаласы. Мынау балықты өңдеп құдай қаласа, таза табиғи ретінде әйтеуір өзіміздің Қазақстаннан экспортке деп өзіміздің осы жергілікті балықты өңдеп, құдай қаласа оны да жібереміз.
Елімізде 2030-жылға дейін балық шаруашылығын дамытуға арналған арнайы бағдарлама бар. Соның аясында 270 мың тонна балық өсіру жоспарланған. Соның 20 мың тоннасы Түркістан облысының еншісінде.