Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: «мақсатымыз Түркістандық жастардың белсенділігін арттыру»

Түркістан қаласының жалпы халқы — 223214 болса, соның ішінде жастардың саны — 70256 адамды құрайды.

Түркістан:  «мақсатымыз Түркістандық жастардың белсенділігін арттыру»
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жастар деп жалпы 18-35 жас аралығында азаматтарды атаймыз. Түркістан қаласы бойынша мектеп оқушыларының жалпы саны – 52481 бірлікті құрайды. Ал, 30465 жас ОАОО (орта арнаулы оқу орындарында) яғни колледж, училеще, арнаулы техникалық лицейлерде оқиды. Бүгінде облыс орталығындағы 12265 жас – ЖОО студенттері, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қаламызда ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері үшін 14 жатақхана қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, 8- і университеттерге тиесілі болса, 6- орта арнаулы оқу орындары студенттері үшін салынған.

«Жастарды, жалпы жастар саясатын қолдау шаралары бізде бірнеше бағытта жүргізіледі. Талантты жастарды қолдау бөлімі, Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру бөлімі, психологиялық көмек көрсету бөлімдері жұмыс істейді. Жалпы орталықта 10 жастар инспекторы, 1 психолог, 1 социолог, 1 теолог маман, 1 заңгер, 1 бағдарламашы, 1 мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы және қоғаммен байланыс маманы(журналист) қызмет атқарады. Жыл басынан бері алып қарайтын болсақ, осы он ай көлемінде өткізілген іс-шаралар саны – 319, іс-шараға қамтылған жастар санының көрсеткіші – 1015-ті құрайды. Жоғарыда айтқанымдай, жастар саясатын қолдау бірнеше бағытта жүреді.

Яғни, бірінші бағыт: Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту деп аталады. Бұл бағытта – 36 іс-шара өтіп, оған қаламыздан 845 жас қамтылды.

Екінші: Денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша – 49 іс-шара өтіп, оған 2220 жас тартылған.

Үшінші бағыт: Қаржылық, заңгерлік сауаттылықты арттыру жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жағдай жасау бойынша – 47 іс-шара өтіп, 1950 жас қамтылған болса, төртінші бағыт: Құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбилеу – 96 іс-шара өтіп 1460 жас қамтылды.

Бесінші бағыт: Мәдени, рухани, дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу, бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтасыз ету деп аталады. Бұл бағыт бойынша — 76 іс-шара өтіп 2990 жас қамтылды.

Алтыншы бағытымыз: Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бойынша — 16 іс-шара өтіп 650 жас қамтылды», — дейді Түркістан Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлия Пиржанова.

Әлия ханымның мәліметінше, Түркістан қаласы жастары арасында өзекті мәселелердің (құқықбұзушылық, ерте жүктілік, тәуелділік, өзіне-өзі қол жұмсау) алдын алу бойынша ыстық нүктелерде 48 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 5140 жасқа қамтылған. Олармен арнайы психолог маман жұмыс жасайды. Жеке мәселелер бойынша 156 жасқа психологиялық көмек көрсетіліпті. «Жылдың басынан бастап қалада 40 рейдтік іс-шара жүргізіліп 85 жасөспірімнің ата-анасына ескертулер берілді. Мектептерде арнайы лекциялар оқылып, семинарлар ұйымдастырылды. Ата-аналарға сауалнама жасалып, суицидтің, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер, іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұндай жұмыстарға орталықтың инспекторлары құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, мәселені оң шешуге, мүмкіндігінше жастарға көмектесуге ықпал етеді. Инспекторларымыз полиция қызметкерлерімен бірлесіп апта сайын түнгі қалаға шығып, рейд ұйымдастырады. Ойынханаларды, компютерлік ойын бөлмелерін т.б. нысандарды аралайды. Бұл рейдтің мақсаты мектеп жасындағы жасөспірімдер мен жастардың бос уақыттарын қадағалау. Оқушы балаларды ұстап, олардан түсініктеме алынып, ата-аналарына ескертеді. Бұл әрекеттер 2-3 рет қайталанса қатаң бақылауға алынып, ата-анаға айыппұл салуға ықпал етеді», — дейді орталықтың жетекшісі.

Орталықта мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру бөлімі де жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жастарды, әсіресе, NEET санатындағы жастардың санын азайту бүгінде күн тәртібінен түспей тұрған Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өзекті мәселе. Жұмыссыз жүрген жастарды болдырмау, жұмыссыздықтың алдын алу және жастарымызды кәсіпкерлікке тарту бағытында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. «Біздің орталық қызметкерлері Жұмыспен қамту орталығымен бірге осы бағдарламаларға жастарды тартуда белсенді әрекет етуде. Инспекторларымыз көше-көшені аралап, тұрғындарға аталған бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп келеді. Оларды таратып айтар болсақ, «Жасыл ел» жастар жасағына» – 50 жас тартылған, жұмыссыз жастарға ұсынылған «Алғашқы жұмыс орны» бойынша ­­– 102, «Жастар практикасы» бағдарламасымен 485 жас жұмысқа орналасса, «Әлеуметтік жұмыс» бағдарламасымен – 166 жас, «Қоғамдық жұмыс» бойынша 1129 адам еңбекке тартылды. Кәсіпкерлікпен айналысуға «Бастау бизнес», «Zhas project» бағдарламалары жұмыс істейтіні мәлім.

«Zhas project» жобасының негізгі мақсаты – ақпараттық-түсіндіру және біліктілікті арттыру жұмыстарын жүргізу арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қазіргі таңда жұмыспен немесе оқумен қамтылған 35 жасқа дейінгі жастарға қолайлы жағдай жасау.

2023 жылы «Zhas project» жобасы еліміздің 20 өңірінде сомасы 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грантты ұсына отырып, гранттық қаржыландыру тетігі арқылы іске асырылады деп жоспарланған.

Ал, жастарға арналған 2,5 пайыздық грант бойынша 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 % несиеге қызығушылық танытқандар көп болған. «Аталған бағдарлама бойынша 33 адам өтінім беріп, оның ішінде 29-ың бизнес-жоспары мақұлданып, грант иегері атанды. Бұл гранттың талабы қатаңдау: мүмкіндігінше нарықта қайталанбайтын, қалада жоқ нишалар, инновациялық сипаты басым жаңаша кәсіп түрлері мақұлданады. Бұл бағдарлама әлі де жалғасады. Жалпы, мақсатымыз жастардың уақытын тиімді өткізу, олардың келбетін саналы, белсенді қоғамның азаматы ретінде таныту болмақ. Оларды мүмкіндігінше оқуға, мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен еңбекке тарту көзделген. Бос уақыттарын да тиімді өткізу үшін ойын-сауықтық шаралар да ұйымдастырамыз. Ондай шараларымыздың да тәрбиелік мәні зор: жастарды азаматтық белсенділікке шақыратын, отансүйгіштік рухтағы іс-шаралар. «Домбыра-пати» секілді өнерді насихаттауға бағытталған іс-шаралар жиі өткіземіз. Жуырда 25 қазан Республика күніне орай жастар арасында велошеру өткіздік. Велошеруге қатысқан қыз-жігіттер көк туымызды желбіретіп С.Ерубаев көшесінен Керуен сарай кешеніне дейін жүріп өтті. Соңғы уақытта қасиетті (сакралды) мекендерге рухани-танымдық экскурсия ұйымдастыруды қолға алып жатырмыз. Жастарымызды спорттық шараларға тартамыз, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға бағытталған бірнеше акциялар өткізіп келеміз. Облыс әкімі Д.Сатыбалды, қала әкімі Н.Тұрашбековтің қатысуымен ерікті жастар белсене араласып «Түркістан – таза қала» сенбілігін өткіздік. Биылғы жылы желілік саябаққа 3200 ағаш егілді. Қала әкімімен жастардың кездесуін өткіздік. 

Танымал спортшылар, өнер жұлдыздары да жастардың идеалы. Алдағы уақытта олармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. 

Жұмыссыз жастардың мәселесі басты назарда. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, NEET санатындағы жастар саны – 6156. Біз осы көрсеткішті азайтуға әрекеттенеміз. Жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстардың барлығы бірдей оларды қанағаттандыра бермейді. Жалақысын азсынатындар да бар. Бүгінде жастар арасында бірден жоғары табысқа қызығушылық та жоқ емес. Сол себепті де олар Жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстарда ұзақ тұрақтай алмайды. Бүгінде «Жастар практикасы» бағдарламасымен 485 жас жұмысқа тұрды. Бұл жақсы көрсеткіш. Жалпы, бұл жұмыс берушіге де, еңбек жолын енді бастаған жас маман үшін де тиімді бағдарлама. Көп жұмыс берушілер еңбек өтілін талап етеді. Жаңа ғана мектеп бітірген , не оқу орнын бітірген жастарда қандай еңбек өтілі болсын. Осы бағдарламамен жұмысқа орналасып, әрі қарай өзінің қабілетін танытып, дәлелдеп жатса сол мекемеде тұрақты жұмысқа қалуына болады. Тым құрығанда тәжірибе жинауға болады. Жақсы мүмкіндік есептей-мін», — дейді Әлия Базарбайқызы бізбен әңгімесінде.

Әтіргүл ТӘШІМ.