Сарыағашта зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша тұрғындармен сөйлесті

Түркістан облысында мұқтаж жандарға мамандар көмектесті

фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

 2023 жылдың 9 қарашасында Сарыағаш ауданы Полиция бөлімі мен ауданы әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық сервистік топ мүшелері, атап айтқанда Сарыағаш АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚт аға инспекторы полиция подполковнигі А.Кубегенова, Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция капитаны Ж.Ибрахим, «Мансап» орталығының маманы Б.Жандаров, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің статисті Г.Айтмурзаеваның қатысуымен Сарыағаш ауданында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, себебін анықтау, сондай-ақ зәбір көрген азаматшалараға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық көмек көрсету мақсатында,тұрғылықты мекен-жайлары Құркелес ауылдық округі бойынша аралау жұмыстары жүргізілді.

Аталған аралау кезінде Сарыағаш АПБ «қорғау есебіне» алынған «К» және «Т» есімді азаматшалардың әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігі анықталып, оларға тиісті мамандар өз кеңестерін берді.

Сондай ақ Алдағы уақытта осы көмекке мұқтаж азаматшаларға психологтардың көмектерін ұсынып, әлеуметтік-бағдарламар бөлімінің мамандары біргелікте тисінше жұмыс атқаратындықтарын атап өтті.

Айта кетейік, біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенци, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Осы орайда айта кетсек, елімізде тұрмыстық күш көрсетуді болдырмау мақсатында әлсіз азаматты немесе әйел адамның құқығын өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан «қаруланып» алған абзал. Яғни, қазіргі заңдар заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мемлекетімізде «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айналып отыр. Ең бастысы, зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырып қалмауы қажет.

«Әрбір отбасы – кішігірім шаңырақ» екенін ескере отырып, осы шағын шаңырақтардан құралатын Қазақстан атты үлкен мемлекетіміздің болашағы кемел болсын десек, отбасы құндылығы мен ерлі-зайыптылардың жеке-жеке құқықтары сақталынып, ба­ла­лардың тәтті де бақытты ғұмыр кешуіне атсалысуымыз керек!

Жүктелуде...