Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қараша, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыдағы зауыт тәулігіне 100 мың дана қыш өндіреді

Ордабасы ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті.

Түркістан: Ордабасыдағы зауыт тәулігіне 100 мың дана қыш өндіреді
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тур аясында журналистер алдымен Бадам ауылындағы «Бөрте милка» сүт зауытының жұмысымен танысты. Бүгінде зауытта тәулігіне 50 тонна сүт өнімі өңделеді. Сүт өңдеу зауытына Италия мемлекетінің «Технолат», «SPX», «FBF» компанияларының құрал-жабдықтары қойылған. Сондай-ақ, сапар аясында БАҚ өкілдері Бадам ауылы, «BOKEI» ЖШС-ң толық автоматтандырылған қыш зауытының жұмысымен танысты. Өндіріс орны бүгінде тәулігіне 100 мың дана қыш өндіреді. Италия, Жапония, Франция, Ресей сияқты мемлекеттерде жасалған заманауи қондырғылармен жабдықталған зауыт Түркістан облысымен қатар еліміздің өзге де аймақтарын сапалы кірпішпен қамтуға қауқарлы. Өндіріс орнында бүгінде 30 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Сонымен қатар, журналистер аудандағы «KazKioti» ЖШС - трактор жинау зауытында болды. Бүгінде Ордабасы индустриалды аймағында құрастырылатын тракторларға сұраныс жоғары. 2021 жылдан бастап трактор құрастырумен айналысатын зауыт қазіргі таңда Түркістан облысына ғана емес, Шымкент, Тараз, Алматы, Қызылорда, Орал мен Ақтөбе қалаларына тракторларын жөнелтуде. Зауытта 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Серіктестік жылына 300 дана трактор құрастырады. Сонымен қатар, тракторды сатып алған азаматтарға 30%-дық субсидия беріледі.

Kazkioti зауыты 2016 жылы салынған. Қызметінің негізгі бағыты: Қазақстан Республикасында да ауыл шаруашылығы техникасын өндіру. Бүгінгі таңда 150 бірлік трактор және 300-ден астам аспалы құралдар сатылды

Kazkioti зауытының мақсаттары:
- Ескірген және тозған техниканы біртіндеп ауыстыру.
- Қазақстандық брендпен тракторлар өндірісін ұйымдастыру.
- Өндірістің заманауи технологияларын енгізуді қамтамасыз ету.
- Жоғары дәрежелі инженерлер мен конструкторларды даярлау.
- Құрамдас бөліктерді өндіру жобаларын іске асыру.
- Оқшаулау деңгейін 50% дейін жеткізу.
- Заманауи аспалы жабдықтар өндірісін игеру.
- Жаңа жұмыс орындарын құру.
- Өндірілетін өнімнің 50% - эксп ТМД мен Еуропа елдеріне экспорттауды жүзеге асыру.

Статистика бойынша Қазақстанда дала жұмыстарын жүргізу кезінде жыл сайын 150 мыңнан астам трактор, 90 мың сепкіш, 340 мың бірлік топырақ өңдеу техникасы және 44 мың астық жинайтын комбайн қатысады.
Техниканың 70% - дан астамы ескіргенін ескерсек, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы тікелей байланысты:
- Машина жасау техникасының жай-күйі.
- Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру.
Kazkioti зауыты осы құрамдас бөліктерді қанағаттандыруға толық дайын және жабдықталған.

Бұдан бөлек, БАҚ өкілдері «Темірлан ауылындағы «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталық бүгінде үш бағытта қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, «Ардагерлер орталығы» – егде жастағы зейнеткерлер мен аға буын азаматтарына, «Тең қоғам» – мүгедектігі бар адамдарға көмек береді. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан дағдарысқа ұшыраған жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік психологиялық көмектер көрсетіледі.

Баспасөз турының соңында аудан әкімі Азат Оралбаев 9 айдың қорытындысымен таныстырып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Аудан – аграрлы аймақ. Егін және мал шаруашылығы, өнеркәсіп салалары жақсы дамыған. Келесі 2024 жылы 14 жоба қолға алынбақ. Оның бесеуі ірі жоба. Инвестициялық жобалардың арқасында 608 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Мәселен, «De Support» ЖШС-нің көгалдандыру және ПЭТ қалдықтарын өңдеу жобасы жүзеге асса, 300 тұрғын жұмыспен қамтылмақ. «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің цитрус өнімдерін өсіру жобасын жүзеге асыру арқылы қуаттылығы жылына 10 000 тонна банан, авокадо өнімдерін алу жоспарда бар. Бұл жоба жүзеге асса 150 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар, жылына 100 мың куб ағаш өңдейтін «BalKausar» ЖШС-нің павлония жеңіл ағаштарын өсіру жобасы аясында 20 азаматты жұмыспен қамту көзделуде.

Жүзден астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін «АДС-Агро» ЖШС 30 уақ, 10 мың ірі қара мал бордақылауды қолға алмақ.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі