Сондай-ақ, облысқа қарасты Қарабалық, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай аудандарындағы 10 білім нысаны толық қашықтан оқытып жатыр. Апта соңына дейін эпидахуал тұрақтанбаса, балаларға мектепке келуге шектеу қою жалғасады.
Өңірде соңғы аптада барлығы 10 мыңнан аса вирустық инфекция дерегі тіркелген. Көрсеткіш шамамен екі есеге өсіп отыр.
Сырқаттанушылардың 60 пайыздан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.