«Алаяқтар жалған SMS жіберіп, «қателесіп ақша аудардым» деп қаражатты қайтаруды талап етеді немесе шын ақша аударып, үшінші тұлғаның шотына қайтаруды сұрайды», – делінген хабарламада.
Ұлттық банк азаматтарға ақшаның түскен-түспегенін тек ресми мобильді қосымшада тексеруге және белгісіз адамдарға ақша жібермеуге кеңес берді.
«Белгісіз біреулер қоңырау шалғанда деректер бермеу керек. Алаяқтық байқалса — банкке және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет», – деді Ұлттық банк.
Бұған дейін шатасып басқа біреу шотыңызға ақша аударып қойғанда не істеу керектігі туралы жазғанбыз.