Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістанда алғаш рет Ұлттық Ұланның 120-ға жуық әскері полицейлермен бірге сап түзеді. Олар алдағы уақытта Түркістан қаласы жұртшылығының тыныштығын күзететін болады. Сондай ақ ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасымен ай сайын Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы алаңында полиция генерал-майоры М.Қабденовтің жетекшілігімен саптық байқау өткізіліп тұрады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.
2. Ұлттық ұлан өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға тыйым салынады.
3. Ұлттық ұланның туы және рәмізі болады. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, әскери бөлімдерінің және жоғары әскери оқу орнының белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.
Ұлттық ұланның туы мен рәмізінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалар мен әскери бөлімдердің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.