"Қауіпсіз ел": Түркістанда сақтық шараларының алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері дөңгелек үстел өткізді

фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда қала аумағындағы ең көп таралған қылмыс түрлерінің бірі - алаяқтық болып табылады. Алаяқтардың қармағына түсіп жатқан қарапайым халықтың саны көбейіп жатқаныда ақиқат.

Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінің «CyberPol» қызметкерлері мен «ҚУАНЫШ» базарының қызметкерлері біріге отырып, қарапайым халыққа сақтық шараларын жеткізу мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш іс-шара қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Жалпы алаяқтықтың түрлері мен формалары әр түрлі болуы мүмкін.

Интернет желілеріндегі алаяқтықтың бір ерекшелігі-қылмыскерлер тек Қазақстан Республикасында ғана емес, оның аумағынан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатта болады.

Айта кетейік, CyberPol пилоттық жобасының жұмыс принципі бойынша ең тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер тобы құрылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлім етті.

"2023 жылы  Полиция департаментінің базасында бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейтін CyberPol пилоттық жобасы құрылды. Киберқылмыстарды тиімді тергеу және ашу үшін тергеу, жедел және криминалистикалық бөлімшелердің қызметкерлері бір жерде шоғырланып, банк секторымен және ұялы байланыс операторларымен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бұндай топтар CyberPol пилоттық жобасының жұмыс принципі бойынша ең тәжірибелі тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер кіретін барлық аумақтық ПД-ға енгізілген", – деді Жандос Сүйінбай.

Жүктелуде...