Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Әскер

«Қауіпсіз ел»:Түркістан облысында Ұлттық Ұлан алғаш рет полициямен бірге қызметке кірісті

Ұлттық Ұлан мен полиция қызметкерлері бірлесіп қызметке кірісті

«Қауіпсіз ел»:Түркістан облысында Ұлттық Ұлан алғаш рет полициямен бірге қызметке кірісті
фото: түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметі

Бұл туралы newsroom.kz порталы Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

 Түркістан облысы Полиция департаментінің алаңында полицейлер мен Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің арнайы 3-ші жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамына арналған гарнизондық саптық байқау ұйымдастырылды.

Оған полиция мен әскеридің жеке құрамынан бөлек, Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Есембекұлы Айтпаев, Түркістан қаласы полициясының басшылығы, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Константин Қуатовтар қатысты.

Шарада салтанатты түрде мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Түркістан облысы полициясының 300-ден астам және Ұлттық Ұланның 120 сарбазы сап түзеді. Гарнизондық саптық байқауды Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов өткізді.

Мақсаты - қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тапсырмаларды орындауда жеке құрамның даярлығын тексеру. Бұдан әрі қарай сарбаздар мен сақшыларға нұсқама беріліп, нысанды киімдері мен куәліктері тексерілді. Полиция полковнигі Б.Айтпаев жиналғандарға тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы белгіленген ауысыммен сапалы қызмет атқаруды тапсырып, сәттілік тіледі.

Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сапарбекұлы Саденовтің тапсырмасымен ай сайын Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы алаңында полиция генерал-майоры М.Қабденовтің жетекшілігімен саптық байқау өткізіліп тұрады. Ал бұл жолғы саптық байқау облыс орталығына жаңадан қоныстанған Ұлттық Ұланның сарбаздарына қауіпті учаскелерді көрсетіп, қызмет етулеріне бағыттау. Демек полициямен бірге сарбаздар қызметке түсуге әбден машықтанған соң, әрі қарай өз күштерімен облыс орталығы тұрғындарының тыныштығын күзетіп, олардың қауіпсіздігін қорғайтын болады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.

      2. Ұлттық ұлан өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға тыйым салынады.

      3. Ұлттық ұланның туы және рәмізі болады. Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының, құрамаларының, әскери бөлімдерінің және жоғары әскери оқу орнының белгіленген үлгідегі жауынгерлік жалаулары болады.

      Ұлттық ұланның туы мен рәмізінің, өңірлік қолбасшылықтардың, құрамалар мен әскери бөлімдердің, жоғары әскери оқу орнының жауынгерлік жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.