Алматы қаласында бүгін, 17 қарашада жиһаз қоймасынан өрт шықты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі, 2/16 мекенжайында орналасқан жиһаз қоймасы өрт шыққан.
"Көрші қоймаларды сөндіру және қорғау үшін өрт саптамалары орнатылды, өрт гидранттарына цистерналар орнатылды, таралу қаупі жойылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алматыда 25 қыркүйекте құрылыс дүкеніндегі өртті сөндіру кезінде өрт сөндіруші зардап шекті.