Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мұрат Қабденов оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндірді

Департамент басшысы мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексеріп, оқушылармен кездесті

Мұрат Қабденов оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндірді
фото: polisia.kz

Бұл туралы newsroom.kz порталы хабарлайды.

ҚР ІІМ Ержан Саденовтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов аптаның дүйсенбісін мектептердің қауіпсіздік жүйесін тексерумен бастады. Облыстың бас полицейі №21 М.Пошанов мектебіне барып, білім басқармасының мамандары, мектеп директоры және ұстаздармен тілдесті.

Білім ошағына орналастырылған «дабыл батырмасын» басып, қызметін бақылады. Дабыл болған кезде полиция нарядының неше уақытта келетінін және қалай әрекет жасайтынын тексерді. Аталған оқу орнындағы бейнекамераларды қарап шығып, бекітілген күзет қызметкеріне жүктелген жауапкершіліктерді түсіндірді. Мектептегі қауіпсіздікке толық көз жеткізген соң, генерал оқушыларды Полиция департаментін экскурсиялауға шақырды.

Департаменттің қызметкерлері 100 оқушы мен ұстаздарға арнап құқықбұзушылықтың алдын алу тақырыбында үлкен залда сабақ өткізді. Сабақ барысында департамент басшысы жасөспірімдерге тәртіпті болу керектігін, ойынқұмарлық, нашақорлық, зорлық-зомбылық пен әлімжеттік туралы айтып, болашақта ардақты азамат болатындарына сенімін білдіретінін жеткізді. Одан кейін сөз кезегін алған Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетұлы полиция тарапынан жасөспірімдерге арналған маңызды кездесулердің жиі ұйымдастырылып, қолдау болып жатқанын атап өтті.

Одан әрі қарай білім алушыларға өнерлі тәртіп сақшылары өнерлерін, спортты серік еткендері өздерінің дайындықтарын көрсетсе, департаменттің алаңшасында балаларға қару-жарақтар, қызметтік көліктердің қызметі мен цифрландыру бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

Жедел басқару орталығына да аялдаған балалар өздерін полиция қызметкерлері қалай бақылап отыратынын, бейнекамералардың қызметін көріп, танысты.

Тәлім-тәрбиелік маңызы бар шара соңында оқуда озат оқушылар мен олардың ұстаздары полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің атынан алғысхатпен марапатталды.

Айта кеткен жөн, Түркістан облысының полицейлері балалар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастырып, бүгінгі таңда білім ошақтарына барып, құқықтық сауаттылықты арттыру сабақтарын өткізуде.

Айта кетейік, қазір біз жаһандану  қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі - нашақорлық.

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырды. Елімізде  2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді.
Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша есірткі тұтынушылар саны азайғанымен, синтетикалық есірткіге тәуелділер қатары көбейген. Қазіргі таңда синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығы анықталып отыр. Мәселен, елімізде дәстүрлі есірткі заттарын тұтынушылардың орта жасы 40-45 жас аралығы болса, синтетикалық есірткі пайдаланушылар негізінен 30-35- тегі, ал ұшпа ерітінділерді 20-25-тегі жастар тұтынатын көрінеді.Сондықтан жасөспірімдердің жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, теріс жолға түспеуі үшін ақпараттық-насихат жұмыстарының пайдасы зор деп білемін. Осы мақсатта ауданымызға қарасты Сазтерек, Ынтымақ, Суханбаев, Ботамойнақ ауылдық округтеріндегі мектептерде оқитын жоғары сынып оқушыларымен  кездесу ұйымдастырылды. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың денсаулығына тигізер зияны кеңінен талқыланды.

Атап айтқанда, нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін  пікір алмасылды. Айтулы іс-шараларға  150-ге жуық оқушылар қатысты.

Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым   шегу,  маскүнемдік,  нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Осы мақсатта ағымдағы жылдың бес айында оқушылар мен жастар арасында “Есірткінің адам ағзасына зияны”, “Нашақорлық-қоғамдық дерт”, “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама” тақырыптарында дәріс-тренингтер, семинарлар өткізіліп, дәрігерлік кеңестер берілді.

Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық  адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін  әрбір ата-ана отбасында балаларына  жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын  отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық.